Рушанова Неля Берікқызы - 1982 жылы 30 қаңтарда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылында туылды. Ұлты-қазақ. 2001 жылы әл-Фараби ат.ҚазҰУ Журналистика факультетіне түсіп, оны 2005 жылы үздік бітіріп шыққан. 2005 жылы аталмыш мамандықтың магистратурасына түсіп, 2007 жылы журналистика магистрі академиялық дәрежесі берілді. 2018 жылы әл-Фараби ат.ҚазҰУ Философия және саясаттану факультетінің философия мамандығына докторантураға түсіп, 2021 жылы аяқтады. 2024 жылдың 23-мамырында "Әл-Фарабидің этикалық философиясындағы надандық мәселесі" атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғап, 6-маусымда "Философия докторы (PhD)" дәрежесін алды. Еңбек жолы: 2004-2005 ж.ж. Республикалық «Дала мен Қала» газеті, Алматы қаласы, тілші; 2005-2009 ж.ж. Халықаралық «Азаттық» радиосы, Алматы қаласы, тілші; 2007-2008 ж.ж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті, халықаралық журналистика факультетінде оқытушы; 2007-2009 ж.ж. Халықаралық «Медиа NET» журналистика орталығында оқытушы-жаттықтырушы (тренер); 2010-2011 ж.ж. «Хабар» АҚ Агенттігі, «Арнайы репортаж», «Таразы» бағдарламаларында журналист; 2011-2012 ж.ж. Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасы, бас продюсер; 2012-2013 ж.ж. РТРК «Қазақстан» телеарнасы, «Айтуға оңай» бағдарламасы, шеф-редактор; 2013 жылдан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, журналистика факультеті, Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасында аға оқытушы. Журналистика саласындағы жетістіктері: 2006 - 2007 ж.ж. БҰҰ-ның «Еріктілер» тақырыбы бойынша БАҚ-на жарияланған ең үздік мақаласы үшін журналистер арасында өткен халықаралық байқаудың І және ІІ дәрежедегі диплом иегері; 2007 жылы Халықаралық Еңбек Ұйымының (МОТ) «Бала еңбегі» тақырыбы бойынша БАҚ-на жарияланған ең үздік мақаласы үшін журналистер арасында өткен байқаудың І дәрежедегі диплом иегері; 2007 - 2008 ж.ж. Республикалық «Қалам Қаржы» байқауының ІІ және ІІІ дәрежедегі диплом иегері; 2008 жылы ҚР Журналистер Одағының мүшесі; 2012 жылы Тележурналистердің Бейбіт Құсанбек атындағы V республикалық байқауының бас жүлдегері; 2021 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Алғыс хатымен; 2023 жылы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Ақпарат саласының үздігі" төсбелгісімен марапатталды; 2024 жылы әл-Фараби ат.ҚазҰУ Басқарма Төрағасы-Ректор Қ.Ж.Түймебаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
2007

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Жоғары

2005

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
PhD докторы
06.06.2024
Автордың құжаттары

0

Цитирования
0 по 0

құжаттар

h-индексі

0